Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 44 қаралымabaidan.kz

Семейде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды

Семейде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды

Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев қатысып, көпбалалы аналарды марапаттарымен құттықтады.

«Ана – отбасының берекесі, ұлттың ұйытқысы. Сіздердің бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбектеріңіз, төзімдеріңіз бен мейірімдеріңіз әрдайым үлкен құрметке лайық. Мемлекетіміз көпбалалы аналардың еңбегін жоғары бағалайды. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», – деді Әсет Баймұрзаев.

 

Салтанатты жиын барысында 2 анаға «Алтын алқа», ал 6 анаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасы табысталды. Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен ұрпақ тәрбиесіне әрдайым ерекше мән беретіндіктерін жеткізді.