Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші
12 тамыз – Халықаралық жастар күні, сонымен қатар Семей қаласының жастар ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Арбатта "Жастармен бірге" мерекелік шарасы өтті.
Шара барысында Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев белсенді жастарды марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.
Қаламыздың белгілі мәдениет саласындағы өнерпаздар, жастар өнер көрсетіп, кеш барысында қала тұрғындарына лотореялық ойындар ойнатылып, бағалы және қаржылай сыйлықтардың иелері анықталды.
Шара соңы жастарға арналған би кешімен жалғасты.