Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 48 қаралымabaidan.kz

Жауынгерлік шеберлік – мамандықты меңгеруден басталады

Жауынгерлік шеберлік – мамандықты меңгеруден басталады

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары жалғасуда. Әскери қызметшілер өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік машықтарын шыңдауда.

​Солардың бірі – мерзімді әскери қызметші, кіші сержант Дәулетбай Жұмабай. Ол есептоп командирі лауазымы бойынша даярлықтан өтіп, «Гиацинт» артиллериялық зеңбірегінің жауынгерлік мүмкіндіктерін, оны ұрыс жағдайында тиімді қолдану тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда меңгеруде.

​Дайындық барысында кіші сержант Дәулетбай Жұмабай қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, атысқа дайындау тәртібін, есептоп құрамының міндеттерін және жауынгерлік бұйрықты орындау алгоритмін жан-жақты үйреніп жатыр. Сонымен қатар ол есептоп мүшелерінің өзара үйлесімді іс-қимылын ұйымдастырудың маңызын меңгеруде.

​– Қазіргі таңда «Гиацинт» зеңбірегін қолданудың теориялық және тәжірибелік сабақтарынан өтіп жатырмыз. Есептоп құрамындағы әрбір әскери қызметшінің міндетін нақты білу – тапсырманы сәтті орындаудың басты шарты. Дайындықты толық аяқтағаннан кейін оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік атыс жаттығуларын орындап, алған білімімізді іс жүзінде бекітетін боламыз, – дейді кіші сержант Дәулетбай Жұмабай.

​Мамандық бойынша дайындық – әскери қызметтің маңызды кезеңдерінің бірі. Осындай сабақтар барысында сарбаздар өз әскери мамандықтарын толық меңгеріп, болашақта жауынгерлік міндеттерді кәсіби деңгейде орындауға дайындалады. Бұл өз кезегінде әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін арттырып, жеке құрамның кәсіби шеберлігін нығайтуға ықпал етеді.