Жол активтері сапасының ұлттық орталығы арнайы оқу жиынын өткізді
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қаласы мен Алматы облысының филиал қызметкерлері үшін арнайы оқу жиынын өткізді. Онда оқыс жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары мен әдістері көрсетілді. Оқу мекеменің орталық аппаратының ұйымдастыруымен өтті. Қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
#Алматы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"