Жол сапасы басты назарда: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Мекеме бір жарым жылдан астам уақыт жұмыс істесе де осы кезге дейін мыңдаған шақырым жолды тексеріп, олардың сапасын бақылауға алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ЖАСҰО Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіби ұжымда қазір 9 маман жұмыс атқарады. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығында» автомобиль жолдары құрылысының сапасын бақылау бес сатылы жүйеге біріктірілген. Биыл Абай облыстық филиалында осындай стандартпен жұмыс істейтін су жаңа зерхана іске қосылды. Қазір мамандар ол жерде жол салуға қолданылатын түрлі материалдардың сынамаларын тексеруден өткізіп, талапқа сай келетіндігін немесе жарамды не жарамсыз екендігінқ ысқамерзімде анықтай алады. Мұндай бақылау жол құрылысымен айналысатын компаниялардың жауапкершілігін арттыруға сеп болды. Өйткені жаңадан төселген жолда қандай да бір ақау анықталған жағдайда, дереу шара қолданылады. Жол құрылысының сапасын бақылау автожолдың құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін, сондай-ақ пайдаланудың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
Мәселен, Абай облысындағы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жұмысқа кіріскелі өңірде салынып немесе жөндеуден өтіп жатқан жолдардың 50 процентінде сәйкессіздік анықталған. Ал сол жұмысты талапқа сай атқармағанмердігер ұйымдар, жіберілген кемшіліктерді қайта жоюға міндеттелді. Жалпы Абай облысында аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар 6 715 шақырым жол болса, оның екі мыңнан астам шақырымы республикалық маңызға ие. Бүгінгі күнге дейін оларға филиал тарапынан 458 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 199 ақаулықтар мен кемшіліктер анықталған. Сараптама жасалған материалдарда 1000 - нан астам сәйкессіздіканықталды.
2024 жылы мамандар халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 895,4 шақырым жолды тексерістен өткізді. Олардың құрылысымен шұғылданған 4 компанияның талапқа сай жұмыс атқармағандығы анықталып, тиісті шаралар қолданылды.
Филиалда жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында түрлі семинарлар, білім жетілдіру курстары үнемі өткізіліп отырады. Оған қоса жол сапасын бақылаушы компания өкілдері алыс-жақын шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып отырады. Нәтижесінде халықты сапалы жолмен қамтуға біртіндеп қадам басуға мүмкіндік туды. Дамыған мемлекеттердің қолданып отырған технологияларын ЖАСҰО «ҚазжолҒЗИ» мамандарымен бірлесе отырып, елімізде қолданысқа енгізуге ден қоя бастады. Биылдан бастап отандық мердігер ұйымдардың жол құрылысында қолданып жүрген асфальт құрамы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша қатаң бақылауға алынды. Осыған орай «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өңірдегі 17 асфальтбетон зауыттарына инспекциялық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде 93 кемшілік анықталды. Оларға өнім сапасын арттыру бойынша талап қойылды. Енді мұндай тексерулер жыл сайын құрылыс маусымы қарсаңында жүргізілмек.
Бүгінде жол саласында маман тапшы. Кадралық тапшылық өзекті мәселеге айналды десе де болады. Тәуір жолды күтіп – ұстайтын қарапайым жол қызметкерін таба алмай отырғанда, жол құрылысына сараптама жасайтын мамандыққа зәрулік алаңдататыны анық. Сондықтан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы жол құрылысы саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге де үлкен мән беріп келеді. Ол үшін өңірдегі колледж, мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру ісін тұрақты қолға алған. Мектеп түлектерімен жоспарлы түрде кездесулер ұйымдастырылып, жол саласы мамандығы жайлы насихат үнемі жасалып отырады. Биылдан бастап жолшы мамандарды даярлауға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғандығын айта кеткен жөн. Еліміз бойынша осы саланы таңдаған жастар үшін 1000 грант бөлінді. Маман тапшылығын шешу үшін ЖАСҰО Абай облыстық филиалы мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттері үшін тұрақты түрде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Филиал жұмысқа кіріскелі ашық есік күндері мен оқу орындары мен мектептердекездесулер ұйымдастырылды. Жолшы мамандығына жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында, филиалда жаңадан ашылған заманауи зертханада арнайы сабақтар өткізу қолға алына бастады.
#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"