Жылу нысандарының жұмысы басты назарда
Абай облысы әкімінің орынбасары Д.Гариков РК-3 қазандығы, ЖЭО-1 нысандарын аралады, деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ Байтұрсынов 36, Аманов 10, Қ.Мұхамедханов 8, Б.Момышұлы 17, Оборонная 86, Абай 97 әкімшілік ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Тексеру қорытындысына сәйкес қызмет көрсететін және мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.