Жаңа ауданға жаңа міндеттер қойылды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жаңасемей ауданының тұрғындарымен кездесті,-деп Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz хабарлайды. Кездесу барысында өңір басшысы атқарылған жұмыстар туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштерге тиісті жауаптар қайтарылды.
«Облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мен әл-ауқатын арттыру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде. Міндет — өңір тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұл шаруада сіздердің де облыс өміріне белсенді қатысуларыңыз оның дамуы үшін маңызды. Өткен жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы біз инфрақұрылымды жақсартуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырамыз», — деп атап өтті облыс әкімі.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңір экономикасында оң динамика байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 55 442-ге дейін өсті, оның 734-і Жаңасемей ауданында тіркелген. Аудан аграрлық салада жоғары әлеуетке ие. 10 айда жалпы өнім көлемі 18,5 млрд теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 101,6%-ға жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру де жоғары деңгейде: 13 мың тонна ет, 7 мың тонна сүт, 2,7 млн жұмыртқа өндірілді.
2024 жылы ауданда инфрақұрылымды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Ақбұлақ және Половинки ауылында су құбыры желілерінің құрылысын аяқтады. Алғабас пен Шаған ауылдарында осындай жұмыстар жүргізілуде. Көше жарығы төрт елді мекенде орнатылды. 6 ауылда жарықтандыру бойынша қажетті құжаттамалар дайындалып тиісті құзыретті басқармаға бюджеттік тапсырыс ұсынылатын болады.
Талица және Приречное ауылдарында су құбыры желілерін салу және реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаларды іске асыру үшін тиісті басқармаға бюджеттік өтінім берілді.
Ауданда 18 мектеп жұмыс істейді, оның бесеуі күрделі жөндеуді қажет етеді. 2025-2027 жылдарға 11 мектепке кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары Білім басқармасымен бірлесіп әзірленді. Ауданда алғаш рет Озерки ауылында заманауи 70-орындық бала-бақша ашылды. 2025 жылдың 1 тоқсанында Приречный ауылында 60-орынға арналған бала-бақша ашылуы жоспарланып отыр.
«Демеу» қорының қолдауымен Озерки ауылының мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, Шүлбі кентінде мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарының мәдени-әлеуметтік өміріне оң әсер береді. Шүлбі кентінде Самұрық Қазына АҚ-ның қолдауымен заманауи спорт модулі ашылды.
Сондай-ақ, Алғабас ауылында спорт модулінің құрылысы іске асырылып жатыр.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 3 ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді