«Әділ сөз» қорының басшысы Конституцияда мемлекеттік органдар келтірген зиянды өтеу құқығын бекітуді ұсынды
«Әділ сөз» сөз бостандығынқорғау халықаралық қорыныңпрезиденті Қарлығаш Жаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚРжаңа Конституциясынаәрбір азаматтыңмемлекеттік органдар менлауазымды адамдардың заңсызәрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығытуралы норманы енгізудіұсынды. Ол сөз басында Комиссия мүшелерінекелісу, талқылау жәнеқызу пікірталастардыңкүрделілігіне қарамастан, ашықтықпен сындарлылық ұстанғаны үшін алғысын білдірді.
«Заңгер әріптестеріме азаматтық қоғамныңұсыныстарына нақты тұжырымтапқандары үшін алғыс айтқымкеледі», - деді Қарлығаш Жаманқұлова.
Адам құқықтарын қорғау кепілдіктерінкеңейту мәселесіне тоқтала отырып, мемлекеттік органдар қызмет бабына қарай күн сайын адамдардың тағдырыменбайланыста болатынын атап өтті. Атап айтқанда, мемлекеттік шешімдер– рұқсаттар,тыйымдар немесе тексерулер қарапайым адамның жұмыс істеу, оқу,емделу және өзмүлкін қорғау мүмкіндігінанықтайды. Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, адамның мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріненнемесе әрекетсіздігінен келтірілген зияндыөтеу құқығықұқықтық мемлекеттің жәнеқұқықтар мен бостандықтардыңнақты сипатыныңнегізгі элементтерінің бірі болып табылады.
«Қазақстандықтар осындай залал үшін барабарөтемақы алуы тиіс.Егер азаматқа әділетсіздік жасалса, ол жұмсаған уақыты,ақшасы немесе тіптіжүйкесі үшін өтемақы алуыкерек», – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, мұндай конституциялықкепілдік азаматтарды қорғапқана қоймай, мемлекеттік органдар менлауазымды тұлғалар тарапынанзаңсыз шешімдер мен іс-әрекеттер қабылдау қаупіназайта отырып, тұрақты алдыналу әсерін тигізеді.
«Егер сот мемлекеттік органдар менлауазымды тұлғалардың шешімдерімен іс-әрекеттері заңсыз деп таныған жағдайда, азаматтарғаосындай өтемақы алумүмкіндігіне кепілдік беру қажет», - деді Қарлығаш Жаманқұлова.
Ол мұндай кепілдікті Конституция деңгейінде енгізу әр адамның құқық субъектілігін тану екенін атап өтті.
«Жаңа Конституция әрбір адам құқықтар мен міндеттердің иесі болып саналатындығын және оларды, мемлекеттен де қорғауды өз бетінше талап етуге құқылы кендігінен туындайды», – деді ол.
Жалпы, Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, мұндайнорманы енгізу әрбір азаматты жария-құқықтық қатынастардың тең құқылы қатысушысы етеді, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың практикалық құралына айналады.
«Сайып келгенде, мұндай нормамен жаңа Конституцияның жобасы ел азаматын,оның мүдделерімен құқықтарын бірінші орынға қоятын барынша адамға бағдарланған болады. Сондықтан Конституцияға әрбір азаматтың мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеуқұқығы туралы норманы енгізуді ұсынамын», – деп түйіндеді ол.
#заң, #Адам құқығы, #Конституция, #Конституциялық реформа