Әлеуметтік тұрақтылық пен келісімге қол жеткізудегі Халық кеңесінің маңызы
Қазақ қоғамының ұзақ мерзімді дамуын халықаралық стандарттар деңгейінде қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті қоғамдық институттарды қалыптастыру өзекті болып отыр. Осы тұрғыда «Халық кеңесін» құру туралы бастаманың тиімділігі жөнінде сараптамалық пікірлер бар. Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде этностық, әлеуметтік және мәдени әртүрлілік жағдайында дамып келеді, бұл өз кезегінде халықтың түрлі топтарының әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы мәселелерін жүйелі түрде талқылауды талап етеді.
Бұл туралы Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, медиатор Аман Рахметуллин өз пікірінде айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.
«Халық кеңесі» секілді алаңның құрылуы қоғамдағы өзекті мәселелерді кең ауқымда талқылауға, консенсусқа негізделген шешімдер қабылдауға және түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін институционалдық деңгейде ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай құрылым қоғамдық келісімді нығайтып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогты дамытуға ықпал ете алады.
#Ұлттық Құрылтай, #Конституциялық реформа