Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын жариялау ашық талқылануда
Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Азаматтар сондай-ақ ұсынылған өзгерістерден жеке әл-ауқаты мен жалпы өмір сүру сапасының жақсаруынкүтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында хабарлады.
Жандос Шаймарданов ауқымды реформа бойынша жұмыс2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды.
Мәселен, Конституциялық комиссияның жұмысы басталған кезде азаматтар, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныстар келіп түскен.
ҚР жаңа Конституциясыжобасының ашық жариялануы да еркін қоғамдық пікірталасқа ұласты. eOtinish платформасы арқылы өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың саны 4 мыңнан асты.
«Азаматтардың сұрақтары мен бастамаларынтұтастай алғанда үш негізгібағыт бойынша топтастыруға болады, олар жүргізіліп жатқан реформаның сындарлыжәне оңқабылданып жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті ҚСЗИ директоры.
Оның айтуынша, қоғамда Ата заңды қабылдау тұрғысында көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Мәселен,азаматтардың едәуір бөлігі үшін Конституция билік органдарының өкілеттіктерін реттейтін заңды құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құндылық бағдарларын,даму принциптерін белгілейтін негіздемелік мәтін ретінде қабылданып отыр.
«Азаматтардың өтініштеріне қарасақ, олар конституциялық нормалардың қолданбалымаңызы болады, күнделікті өмірге, әлеуметтікәділеттілікке және мемлекеттікшешімдердің сапасына әсер етеді деп күтуде»,- дедіЖандос Шаймарданов.
Ол ұсыныстардың екінші топтамасындақұқық пен әділеттіліктің үстемдігі қағидаттарын нығайтудың, сондай-ақ институттарға деген сенім мен бәрінің заң алдындағы теңдігінің негізі ретінде «Заң жәнеТәртіп» тәсілін дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілгенін айтты.
«Азаматтардың едәуір бөлігіүшін Ата Заң адамныңқұқықтары мен бостандықтарыныңбасымдығын қалай бекітіп, олардықорғаудың түсінікті жәнебірыңғай ережелерін қалыптастыратыны шешуші мәнге ие. Конституция бұл тұрғыдажеке бас бостандығы менұлттық мүдделер арасындағытеңгерімді қамтамасыз ететін құрал ретіндеқарастырылады», - деді ҚСЗИ директоры.
Сонымен бірге ол мүдделертеңгерімі мәселесі халықты адам құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықаралық міндеттемелермен ұлттықзаңнама тұрғысынан да толғандыратынын айтты.
«Сондай-ақ бірқатар азаматтармемлекеттік тілдің мәртебесітуралы мәселеге назараударуда. Жаңа Конституцияжобасында қазақ тілімемлекеттік тіл ретінденақты бекітілген»,- деп атап өтті ЖандосШаймарданов.
ҚСЗИ директорының айтуынша, пікірталастыңтағы бірбағыты – мемлекет пенбілім беру жүйесінің зайырлысипатын бекіту.
«Көптеген жылдарбойы қоғамдадіннің мемлекеттен институционалдық тұрғыда бөлуге деген сұраныс қалыптасты.Бұл сұранысқа жауап ретінде Конституция діндімемлекеттен бөлуді ұсынады»,– дедіол.
Жаңа Конституцияның жобасында зайырлылықғылымға, инновацияға жәнеадами капиталдықалыптастыруға басымдық беретін заманауи білім беру жүйесін дамытудың қажеттішарты ретіндебелгіленді.
«Қоғамдық пікір» институты жариялағанәлеуметтану зерттеуі нәтижелерісауалнамаға қатысқандардың 79%-ы жүргізіліп жатқан реформаларды уақтылы депсанайтынын көрсетіп отыр. Азаматтардың едәуір бөлігіконституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқатпен өмірсапасының жақсаруымен тікелейбайланыстырады. Респонденттердің 65%-ы ұсынылған өзгерістеролардың өміріне оңәсер ететініне сенеді», - деді Жандос Шаймарданов.
Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі – респонденттердің 78%-ы конституциялықреформаға қолдау білдірген.
«Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, конституциялық реформа азаматтардыкеңінен тартуға жәнеқоғамдық қолдауға негізделген», - деп қорытындылады ҚСЗИ директоры.
#Конституция, #реформа, #Конституциялық реформа