Конституциялық реформа – мемлекеттілікті нығайтудың маңызды қадамы: Абай облысы Курчатов қаласында диалог алаңы өтті
Абай облысының Курчатов қаласында Қоғамдық кеңес мүшелері мен ақпараттық-түсіндіру тобының өкілінің қатысуымен конституциялық реформа мәселелеріне арналған диалог алаңы өтті. Кездесу барысында қатысушылар республикалық референдум өткізу бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің әлеуметтік-саяси дамуы үшін өзектілігін атап өтті.
Талқылау аясында конституциялық өзгерістердің әділеттілік, заңдылық және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғаны ерекше атап өтілді. Қоғам өкілдері Негізгі заңды жетілдіру мемлекеттік жүйені жаңғыртудың және демократиялық институттарды күшейтудің маңызды кезеңі екенін баса айтты.
Реформаның негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Киселёва Любовь Валерьевна баяндама жасап, конституциялық өзгерістердің басты тұстарын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.
Қоғамдық кеңес төрағасы Д. Сараев референдум өткізу туралы шешімнің тарихи маңызға ие екенін және мемлекеттің тұрақты әрі жүйелі дамуға ұмтылысын білдіретінін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық референдум өткізу туралы бастамасы ел дамуының алдағы бағытын айқындайтын маңызды кезең болмақ. Ол конституциялық реформаның мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге бағытталғанын жеткізді. Қала тұрғындары бұл бастамаларды қолдап, олардың қазіргі және болашақ Қазақстан үшін маңыздылығын терең түсінетінін айтты.
Диалог барысында қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал ететінін атап өтті. Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің өкілдері конституциялық реформа елдің тұрақты әрі орнықты дамуына берік негіз қалайтынын жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар қала тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырды. Әрбір азаматтың қатысуы мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және келешек ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге қосылған маңызды үлес екені атап өтілді.
#Абай облысы, #Курчатов қаласы, #Конституциялық реформа