Конституциялық реформалар – ел дамуының жаңа кезеңі
Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі,-дейді Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Әлин.
Бұл бастамалар қоғамның нақты сұранысынан туындаған, ел болашағын айқындайтын жүйелі құжат екені сөзсіз. Ата заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіріп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған,-дейді Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Әлин.
Ұсынылып отырған өзгерістердің бірі – Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі. Бұл, ең алдымен, Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Заң шығару процесі жеделдеп, халық мүддесіне сай нақты шешімдер қабылданады деген сенім бар.
Сонымен қатар, Халық кеңесінің мәртебесі айтарлықтай күшейтілмек. Ол қоғамдық пікірді нақты саяси шешімдермен байланыстыратын пәрменді құрылымға айналуы тиіс. Кеңеске заң шығару бастамасын көтеру және референдум өткізу туралы ұсыныс айту құқығының берілуі – азаматтардың ел тағдырына тікелей араласуына жол ашатын маңызды жаңалық. Конституцияға өзгерістер енгізу халықтық референдум арқылы жүзеге асырылатыны да – демократиялық қағидаттардың айқын көрінісі,-дейді Мұрат Әлин.
Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Әлин атап өткендей, бұл бастамалар ел дамуына серпін беретін, болашаққа бағытталған нақты қадамдар болып табылады. Абай облыстық ардагерлер кеңесі де ұсынылып отырған Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдай отырып, олар ел бірлігін нығайтып, әділетті әрі жауапты мемлекет қалыптастыруға қызмет етеді деп сенеді.
#Абай облысы, #Референдум, #Конституциялық реформа