ҚР Президенті 23 қаралымabaidan.kz

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды. Бұл пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында айтты.

Президент Егемендігімізді қорғауға қатысты мәселенің бәрі толығымен шешімін таппағанын баса айтты.

— Алдымызда ауқымды және кезек күттірмейтін, маңызды әрі күрделі міндеттер тұр. Халықаралық ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Әлемде саяси, экономикалық, идеологиялық шиеленістер ушығып тұр. Осындай алмағайып кезеңде әлемнің болашағын болжау өте қиын екені түсінікті. Мұндай заманға біздің бір ғана жауабымыз бар. Бұл — бірлігімізді бекемдеп, ортақ мүддеге күш жұмылдырып, ұлттық жауапкершілігімізді терең сезіне отырып, қасиетті Отанымыз — Қазақстан Республикасына адал қызмет ету, — деді Президент.

Түптеп келгенде, Президент пікірінше, Егемендікті нығайту — халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа технологияларды жетік меңгеру, заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, өзара жанашыр, еңбекқор, жасампаз болу, табиғатты аялау деген сөз.

— Біз осы міндеттерді табысты орындасақ, жаһан өркениетінің төрінен лайықты орын аламыз. Сондықтан Конституцияда қазіргі заман талабына сай білім мен ғылымды, инновацияны, адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді. Ұлтымыздың бас құжатында, яғни Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, мемлекеттік тіл — қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды, — деді Мемлекет басшысы.

Президент қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеу керектігін айтуда.

Жаңа Конституцияда «Тәуелсіздік» және «Егемендік» сөздерін бас әріппен жазылатын болды.



https://kaz.inform.kz/news/kazak-tlnn-konstitutsiyalik-martebes-tayga-tanba-baskanday-zhazildi-prezident-18de41e0/