Кения Африка құрлығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан әрі болашағы зор мемлекеттердің бірі — Тоқаев

Кения Африка құрлығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан әрі болашағы зор мемлекеттердің бірі — Тоқаев

Кения Африка құрлығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан әрі болашағы зор мемлекеттердің бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевелімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Республикасының Президенті Уильям Рутомен 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау рәсімінде айтты,деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Кения Африка құрлығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан әрі болашағы зор мемлекеттердің бірі — Тоқаев
Фото: Ақорда

— Бүгінгі жоғары деңгейдегі мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер Қазақстан мен Кения арасындағы тұрақты қарым-қатынастарды тереңдетуге берік негіз қалап, оларды жаңа деңгейге көтерді. Кения — Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Отыз жылдан астам дипломатиялық қатынастар барысында екіжақты ынтымақтастығымыз сенім, өзара түсіністік және қолдау рухында дамып келеді. Соңғы жылдары белсенді саяси диалог пен нақты бастамалардың арқасында ынтымақтастығымыз жаңа серпін алғанына ерекше қуаныштымын. Біз елшілік ашып, Найробиге тұрақты резиденциясымен Қазақстанның елшісін жібердік, — деді Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында өткен келіссөздерден кейін.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Президентінің белсенді әрі жеке қатысы екі елдің қарым-қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарғанын, Қазақстан мәртебелі мейманды сенімді дос әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде бағалайтынын айтты.

— Кенияның экономикалық өсіміне, жаңғыруына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды реформаларыңыз зор құрметке лайық. Бүгінде Кения Африка құрлығындағы ең қарқынды дамып келе жатқан әрі болашағы зор мемлекеттердің бірі саналады және өңірлік әрі халықаралық істерде барған сайын маңызды рөл атқаруда. Сіздің дана көшбасшылығыңыз, принципшіл ұстанымыңыз және сындарлы диалогқа деген берік адалдығыңыз Африкадағы бірлікті нығайтуға, сондай-ақ әлемнің түрлі серіктестерімен мазмұнды ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті, — деді Мемлекет басшысы.


#ҚР Президенті, #Қазақстан