Маңызды жұмыс бағыттарының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру

Маңызды жұмыс бағыттарының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру

2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түсті. Бүгінде азаматтардың талап-тілегін сапалы қарау үшін eOtinish жүйесінде толық цифрлық инфрақұрылым жасақталды. Оған50 мың ұйым және 320 мың қызметкер қосылды. 

Өтініштерді қарау үдерісі ұдайы жетілдіріліп отырады: жасанды интеллект элементтері енгізіліп, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур секілді озық елдердің цифрлық үкімет тәжірибесі зерделенуде. Диалог офлайн-форматта да жүреді. 

Өңірлерде азаматтардан өтініш қабылдайтын 150-цифден астам орталық жұмыс істейді. Биыл 360 мыңнан аса адамға тиісті көмек көрсетілді.


#ҚР Президенті, #жасанды интеллект, #цифрландыру