Өскеменде ұландықтар киім-кешек пен аяқ киім ұрлаған күдіктіні қолға түсірді.

Өскеменде ұландықтар киім-кешек пен аяқ киім ұрлаған күдіктіні қолға түсірді.

2025 жылғы 21 қазан күні Өскемен қаласында орналасқан сауда нысандарында жасалған ұрлық дерегі бойынша дүкен қызметкерлерінен 102 нөміріне хабарлама келіп түскен,- деп хабарлайды abaidan.kz  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Оқиға орнына жедел жеткен 5518 әскери бөлімінің патрульдік тобы жоғары қырағылық пен кәсіби іс-әрекеттің арқасында күдіктіні ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырды.

Тексеру барысында азаматтың аталған дүкендерден бірнеше киім-кешек пен аяқ киімді заңсыз иемденгені анықталды. Ұрланған заттардың жалпы құны шамамен 62 000 теңгені құрады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша («Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни ұрлық») тіркеліп, іс материалдары тиісті органдарға жолданды.

- Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің ең басты міндетіміз. Әрбір жағдайға жедел әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің кәсіби парызы. Бұл оқиғада бөлім әскери қызметшілері үйлесімді жұмыс істеп, құқық бұзушылықтың алдын алды,- дейді 2 жедел мақсаттағы батальонының бөлімше командирі сержант Азат Ульянов.


#"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы, #Ұлттық Ұлан