Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

Осыған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалғаны туралы жаздық. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.

Оқиғаға байланысты үкіметтік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Ұлытау облысы ТЖД жұмыскерлердің тізімін жариялады.

«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған.

«Жомарт» кенішінде көз жұмған жеті жұмысшының да денесі табылды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшылардың денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Фото: Ақорда


#Оқыс оқиға, #ҚР Президенті, #шахта