Тоқаев Ақордада Руанда президентін қарсы алды

Тоқаев Ақордада Руанда президентін қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президенті Поль Кагамені "Ақорда" резиденциясында ресми қарсы алды, - деп хабарлайды  abaidan.kz ақпараттық агенттігі  Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды.


#Ақорда, #ҚР Президенті