Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
ҚР Президенті 1 125 қаралымabaidan.kz

Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады. "Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тіледі.