Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құқық 25 қаралымabaidan.kz

Қазақстан полициясына 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді

Қазақстан полициясына 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді

Қазақстанда жергілікті әкімшілік полиция бөлімшелерінде 20 мыңнан астам қызметкер жетіспейді. Оның ішінде патрульдік полицияға кемінде 10 мың маман қажет. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

Оның айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар арасында да кадр тапшылығы бар.

— Қазір патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жетіспейтіні ешкімге құпия емес. Патрульдік полицияға кемінде тағы 10 мың адам қажет. Өйткені олар қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қала сыртындағы жолдарда қызмет атқарады, — деді Игорь Лепеха Үкіметтегі брифингте.

Вице-министр кадрға деген қажеттілік жаңа шағынаудандардың, елді мекендер мен мектептердің пайда болуына байланысты артып отырғанын жеткізді.

— Бұл бөлімшелердің барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазір әкімдермен жұмыс істеп жатырмыз. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай, ең алдымен осы бөлімшелердегі қызметкерлер санын кезең-кезеңімен көбейту мәселесін қарастырып жатырмыз. Президент Әкімшілігінің мақұлдауы мен Үкіметтің қолдауы болса, келер жылдан бастап бұл бөлімшелердің штат санын кезең-кезеңімен арттырамыз деп үміттенеміз, — деді ол.

Сонымен бірге, Игорь Лепеха патрульдік полицияға қажет 10 мың қызметкер жалпы қажеттіліктің бір бөлігі ғана екенін айтты.

— Біз айтып отырған мәселелермен айналысатын жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерінің өзіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді, — деп нақтылады ІІМ басшысының орынбасары.

Айта кетейік, елімізде жол апаты көп болатын жерлерге медициналық-құтқару бекеттері жақындатылады.

Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар таксиде қызмет ете алмайды.

Сондай-ақ жаңадан көлік жүргізе бастаған азаматтарды даярлау сапасына талап күшейтіледі.



https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-politsiyasina-20-minnan-astam-kizmetker-zhetspeyd-e7acb801