500 бала ашамайға отырып, рекордтар кітабына енді.
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойында 500 бала бір мезетте ашамайға отырды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде ұмытыла бастаған дәстүрдің мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықты дарыту, мықты, табанды болып өсуге баулу.
Шараға Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 4 -15 жас аралығындағы балалар қатысты.
Олар бұған 2 ай бойы дайындалған.
Нәтижесінде түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 баланы ашамайға отырғызудан рекорд орнатқаны үшін сертификат табыстады.
#Абай облысы, #Құнанбай , #Құнанбай Өскенбайұлы