Абай облысында «BRILLIANT MAGIC SHOW» дизайнерлер байқауы өтеді

Абай облысында «BRILLIANT MAGIC SHOW» дизайнерлер байқауы өтеді

I облыстық «BRILLIANT MAGIC SHOW» дизайнерлер байқауы қазір тек, қатысуға өтінімдер қабылдап жатыр. Бүгінгі күні байқауға 20-дан астам ұсыныс келіп түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет, өнер бөлімінің басшысы Анар Қуанғалиева баяндады,-деп хабарлайды abaidan.kz.

Сонымен қатар баспасөз конференциясына , «Brilliant шығармашылық мектебі» негізін қалаушы, Абай облысы Семей қаласы мәслихатының депутаты Мадина Едильбекова және Abai IT-Valley технологиялық кластерінің негізін қалаушы Асхат Бейсембаев қатысты.

- Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әр облыста креативті индустрия орталықтарын ашу міндеттелген. Осы орайда Абай облысындағы креативті индустрияның жұмысы қарқынды жүруде. Жыл басынан беру бірнеше жобаларды ұсынып үлгерді. Біздің алда жасағалы отырған жобамыз «BRILLIANT MAGIC SHOW» дизайнерлер көрмесі. Байқаудың мақсаты осы саладағы жаңа есімдерді ашу, олардың әлеуетін дамыту және таныту,- деп атап өтті Анар Қуанғалиева.

«BRILLIANT MAGIC SHOW» дизайнерлер көрмесі 2 шілде күні өткізілмек. Жоба шарты бойынша көрмеге өтінім берген барлық қатысушы қатыса алмайды. Тек, идеясы тың және танымалдарыға ғана финалдық іс-шараға іріктеліп, жіберілмек.


#Абай облысы, #байқау