Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Мәдениет 38 қаралымabaidan.kz

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты. «Мерейлі отбасы» байқауы – адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға бағытталған маңызды жоба. Байқау елімізде 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгінде Абай облысында 198 526 отбасы бар. Оның 18 983-і – көпбалалы отбасылар. Өңірдегі әр шаңырақтың өзіндік тарихы, қалыптасқан дәстүрі мен ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесі бар. Биыл «Мерейлі отбасы» байқауына облыстың қала-аудандарынан 129 отбасы өтініш білдіріп, олардың 24-і облыстық кезеңге жолдама алды. Марапаттау рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталып, байқауға қатысқан барлық жанұяларға ризашылығын білдірді.

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Бүгін біз отбасы құндылығын дәріптеп, өнегелі әулеттің мерейін асырып, тағылымды шаңырақтың шырайын келтірген айтулы шарада бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді. Отбасында көрген тәлім-тәрбиенің арқасында елімізде отаншыл, еңбекқор, білімді және мәдениетті ұрпақ өсіп шығады» – деп ерекше атап өткен болатын. Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облысымызда бесінші рет өткізіліп отыр. Бес жыл ішінде бұл байқау өнегелі отбасылардың басын қосып қана қоймай, қоғамға жақсыны көрсетуге, ізгілікті дәріптеуге, отбасылық құндылықтарды жаңғыртуға арналған маңызды дәстүрге айналды. Бүгінгі марапатты – Отанның бір бөлігі болған отбасына тәрбиенің тұнығын беріп, барын бақытым деп бағалаған кең пейіл, бала көңілдеріңізге облыс жұртшылығының көрсеткен құрмет деп білерсіздер. Ынтымағы мен ырысы артқан әр шаңыраққа бақ қонып, баланың күлкісі, сәбидің сыңғыры үзілмесін. Мерейлі отбасылардың мерейі үстем болып, абыройы арта берсін!», – деді Берік Уәли.

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды Бесқарағай ауданының Қайдаровтар отбасы, II орынды Абай ауданының Мақаевтар отбасы, III орынды Ақсуат ауданының Каржиковтар отбасы және Жарма ауданының Құмаровтар отбасы иеленді. Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған Қайдаровтар отбасы республикалық кезеңге жолдама алды.

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Бүгінгі байқауға қатысып, жүлделі болған барлық отбасыларды шын жүректен құттықтаймын. Шыны керек, осындай марапатқа ие боламыз деп ойлаған жоқпыз. 60 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп, ұрпағымызды тәрбиелеп келеміз. Бұл марапат – біздің отбасымызға көрсетілген үлкен құрмет. Алғысымды білдіремін», – деді білім саласының ардагері, байқау жеңімпазы Жұмағазы Қайдаров.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, сондай-ақ, ақшалай сертификаттар табысталды.