Абай облысында республикалық ән байқау-фестивалінің гала-концерті өтті

Абай облысында республикалық ән байқау-фестивалінің гала-концерті өтті

Абай облысында қазақтың көрнекті әншісі және сазгері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына арналған «Сәби болғым келеді» республикалық ән байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті. 

Екі күнге созылған байқауға еліміздің әр өңірінен 24 талантты орындаушы қатысты. Қатысушылардың өнер көрсету нәтижесі бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады. Бас жүлде – Гран-приді астаналық Айбат Серікхан жеңіп алды. 

Бірінші орын Қарағанды ​​облысынан келген Нұрболат Ұзақбайға, екінші орын Ақмола облысынан Өмірзақ Шешханұлына, үшінші орын Алматы облысынан Ұлжан Әбілхасимоваға бұйырды. Байқаудың дипломанттары Абай облысынан Сәулет Аманғазин, Ақмола облысынан Диана Алтайқызы, Абай облысынан Тұрсынғазы Досхан және Жамбыл облысынан Дамир Рахимбердиев атанды. Сондай-ақ шара соңында өнер майталмандары мен Тұрсынғазы Рахымовтың шәкірттері композитордың шығармаларын орындады. 


#Семей, #Абай облысы, #Фестиваль