Абай облысының айтыскер ақындары көрермендерді тәнті етті

Абай облысының айтыскер ақындары көрермендерді тәнті етті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл шатырында ақындар айтысы ұйымдастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Абай ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақындар айтысында облыстық және республикалық сайыстардың жүлдегері Қуандық Кенжебекұлы Маңғыстау өңірінің ақыны Мейірбек Саламатовпен сөз сайысына түсті. Ал «Assyl Dombyra» иегері Айбек Жеңісқазин Алматы облысының ақыны Айбек Ережеповпен жыр додасында бақ сынасты.

Сөзден ою өрнектеген тартысты айтыс көрермендердің көңілінен шығып, залды дүркіреткен қошеметке ие болды. 

Әрбір айтылған терең ойлы өлең шумақтары мен тапқыр сөздер айтысты көркем, әрі қызықты етіп, халықтың ерекше ризашылығын тудырды. 

Ақындардың өнеріне тәнті болған жұртшылық оларды сахнадан ұзақ уақыт қолдап, қошеметтерін аямады.


#Абай облысы, #Айтыс, #Дүниежүзілік көшпенділер ойындары