Абай өңірі Наурыз мейрамын айрықша атап өтуде

Абай өңірі Наурыз мейрамын айрықша атап өтуде

Абай облысы Наурыз мейрамын кең ауқымда ерекше атап өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.   

Семейде Наурызды атап өтудің айрықша белгісі елдің тарихи тұлғаларының мерейтойларына арналған кигіз үйлерден арнайы ауылдар тігілді. Мысалы, «Кенен Әзірбаевқа 140 жыл», «Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл», «Ілияс Жансүгіровке 130 жыл», «Әбілхан Қастеевке 120 жыл», «Әлкей Марғұланға 120 жыл», «Шәкен Аймановқа 120 жыл», «Бердібек Соқбақпаевқа 100 жыл», «Рахымжан Қошқарбаевқа 100 жыл», «100 Әбдіжамал Нұрпейісовке 100 жыл», «Тұрар Рысқұловқа 130 жыл», «Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл», «Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл», «Сәкен Сейфуллинге 130 жыл».

Орталық алаңда өткен мерекелік шара барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. 

 

Сондай ақ ұлттық ойындар, түрлі қойылымдар, концерттер ұйымдастырылды.

Сахна төрінде "Алатау" серілері мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

 

Сонымен қатар, қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, балалар ұлттық ойын сайыстарында бақ сынасты.

 


#Семей, #Абай облысы, #Наурыз