Ақсуат ауданында "Салбұрын " шарасы өтті
Ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында Ақсуат ауданының Кіндікті ауылында "Салбұрын " этнографиялық шарасы өтті. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын "салбұрын" деп айтады. Мұны аңшылық мерекесі десе де болады. Салбұрын аңшылардың ерлігін, азаматтығын сынайтын жол.
Кіндікті ауылындағы шараға тазы жүгірткен саятшылар көптеп қатысты. Бабадан балаға беріліп келе жатқан рухани қазынамызды дәстүрмен дәріптегендер саятшылық мерекесінің көрігін қыздырды. Құмай тазыны жүгіртіп, иен даланы дүбірге бөледі. Желден де жүйрік құмай тазы жылдамдығымен жиналғандарды қиқиулатты. Осылайша ұмыт қалған ұлттық өнердің бойына қан жүгіртті. Жарғақ құлақ тазы, қоян шалатын тазыны шараға жетектеп келгендер тазыны баптауды үлкен шығармашылық деп есептейді. Салбуырынның мақсаты —ата-бабамыздан аманат болып қалған аңшылық өнерді кеңінен насихаттау, жаңарту, жаңғырту,-десті жиналғандар.