Білім ордасында Шәкәрімге ескерткіш-*мүсін орнатылды

Білім ордасында Шәкәрімге ескерткіш-*мүсін орнатылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы мен  мектептің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын, философ, жазушыға арналған ескерткіш мүсін ашылды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Ескерткіш мектеп түлектерінің қолдауымен жасалған. Мүсін авторлары Болат Кәрібаев пен Қанат Ешенғалиев. Салтанатты шараға Шәкәрім қажының ұрпақтары, қоғам белсенділері, ғалымдар, ақын-жазушылар, мектеп түлектері және қалалықтар қатысты. 

Білім ордасының директоры Алма Әубәкірованың айтуынша, бұл - мектеп мерейтойы алдындағы алғашқы шара. Алдағы уақытта мерекелік шаралар жалғасатын болады. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. 

 


#Семей, #Абай облысы