ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесті
Абай облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, БАҚ өкілдері, мәдениет саласы мен дін қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар қатысты. Кездесуде мәдениет, білім, тіл және дін салаларына қатысты өзекті сұрақтар талқыланып, азаматтардың бірқатар ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

Кездесудің басты мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату арқылы мәдениет пен ақпарат саласындағы жергілікті проблемаларды анықтау, өңірдің мәдени инфрақұрылымын жетілдіру жолдарын қарастыру және перспективалық жобаларды қолдау. Тұрғындар мәдени нысандардың жағдайы, шығармашыл жастарды қолдау, тіл саясатын дамыту, сондай-ақ ақпараттық саясаттың өңірлік ерекшеліктері жөнінде сұрақтарын жолдап, өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелерін тыңдады. Әрбір өтініш пен ұсыныстың назарға алынатынын айтқан Қанат Ысқақов ведомство тарапынан өңірге қатысты нақты жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Кездесу Абай облысының мәдени мұрасын сақтау, жергілікті инфрақұрылымды дамыту және жаңа мәдени бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған ашық әрі тиімді диалог алаңы болды. Тұрғындармен осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғаса беретіні атап өтілді.