Денсаулық сақтау вице-министрі Абай облысындағы медицина саласының жағдайымен танысты
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті БАҚ өкілдермен кездесу өткізіп, Қазақстандағы медицина саласын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы айтып берді және өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Тимур Мұратовтың айтуынша, салалық реформалар тек емдеу процесімен шектелмей, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тетіктерін жаңғыртуға бағытталған. Басты басымдықтардың бірі – МӘМС жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту.
Қазіргі уақытта жүйеге 3,5 миллионнан астам азамат қатысуда. Халықты МӘМС-ке қамтуды одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасады. Саланың ішінде терапиялық дерматология, онкология және басқа да бағыттар бойынша медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отыр. Басты мақсат – халықты шынымен сапалы еммен қамтамасыз ету, – деді вице-министр.
Алдағы уақытта басым бағыттардың бірі дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Вице-министрдің айтуынша, азаматтар үшін маңызды мәселе дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру тетіктерін жетілдіру.
2026 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі биылғы жылмен салыстырғанда артады. Қазіргі уақытта сатып алу рәсімдері толық аяқталды. Денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер қатарында ана мен бала өлім-жітімінің төмендеген. 2027 жылдан бастап елімізде туу көрсеткіші артады деген демографиялық болжам бар. Осыған байланысты алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі акушерлік стационарларды жөндеу, жаңғырту және олардың санын көбейту, – деді Тимур Мұратов.
Бүгінде медициналық инфрақұрылымды, соның ішінде шағын елді мекендердегі нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта бірқатар жергілікті медициналық ұйымдарда жаңғыртуды талап ететін мәселелер бар.
Бүгін Абай облысындағы бірнеше медициналық ұйымға барып, олардың қазіргі жағдайына баға бердік. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалады және тиісті қаржыландыру көздері айқындалады, – деп қорытындылады вице-министр.
#Абай облысы, #Денсаулық сақтау