Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен телевидение саласындағы инновациялық алмасу форумы өтті.

Форум аясында Astana AI Film Festival қоры мен Beijing Zhongguancun Tongli Technology Service Co., Ltd. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге сәйкес қытайлық компания фестивальдің Қытайдағы ресми серіктесі атанып, AI-кино, AIGC технологиялары, ғылыми-фантастикалық контент, инвестиция және халықаралық дистрибуция бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

Фестиваль ұйымдастырушылары Қытаймен серіктестік екі елдің шығармашылық және технологиялық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, авторларға халықаралық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар кинематографияда жасанды интеллектті қолдану, AI-контентті дамыту және бірлескен жобаларды әлемдік нарыққа шығару мәселелерін талқылады.

Astana AI Film Festival 2026 жылғы 1–3 қазанаралығында Астанада Astana AI Week аясында өтеді. Бағдарламада жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын халықаралық байқау, конференциялар, питчингтер және әлемдік AI-индустрия өкілдерінің кездесулері жоспарланған.


#Астана, #кино, #Қытай, #өнер, #мәдениет