Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық суретші, қазақ ұлттық гобелен өнері мектебінің негізін қалаушы Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылатын «Мұра жіптері» атты көрменің ашылатынын хабарлайды.
Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияға музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды қойылады. Олардың қатарында гобелендер, кескіндеме және графика шығармалары бар.





