Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

Республика күні қарсаңында Семейде салтанатты мерекелік концерт өтті. Шарада сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жалпыхалықтық мерекеге айналған Республика күнінің маңыздылығына тоқталды.

«Баршаңызды Ұлттық мереке –Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыздың азаттық жолындағы тарихи жеңісін дәріптейтін айтулы дата.  Сондықтан, біз үшін Республика күнінің құндылығы аса жоғары! Қазақстан әлемдік аренада танымал, саяси және экономикалық тұрғыда тұрақты, дамудың жаңа, әділ кезеңіне қадам басқан елге айналды. Біздің барлық жетістіктеріміз халқымыздың береке - бірлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде мүмкін болғанын ұмытпауымыз керек. Сөз жоқ, бұның барлығы, отандастарымыздың еселі еңбегі, табанды қызметі, елге, жерге деген сүйіспеншілігі мен адалдығының арқасы. Сондықтан, баршаңызға шынайы ризашылығым мен шексіз алғысымды білдіремін» – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.

Салтанатты шара аясында облыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар табыс етілді. Олардың арасында білім және медицина саласының ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, ғалымдар, музыканттар, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлер бар.

Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар мен жекелеген әртістер өз өнерлерімен көрермендерді қуантты. Олардың қатарында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әртістері, облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері бар.