Тарбағатай ауылына – 100 жыл

Тарбағатай ауылына – 100 жыл

Бүгін Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылдық округі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуде,-деп хабарлайды abaidan.kz  Abai aqparat-қа сілтеме жасап.

Салтанатты жиынға Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов қатысып, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің құттықтау хатын оқып берді.

«Тарбағатай – тарихы терең, тағылымы мол, талай тарлан тұлғаны түлеткен киелі мекен. Бұл ауыл – сан салада елге еңбегі сіңген азаматтарды тәрбиелеп өсірген алтын бесік. Туған жерге деген перзенттік сүйіспеншіліктеріңіз бен ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағатты істеріңіз – күллі облыс жұртшылығына үлгі. Ауылдың әр кезеңдегі өрлеуі – ел бірлігі мен ынтымағының айғағы. Семей өңірі, соның ішінде Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан Тарбағатай жұртына шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – бәрімізге ортақ қуаныш. Алдағы уақытта ауылдың әлеуеті артып, ұрпағы өсіп-өркендеп, өңіріміздің дамуына үлес қоса беретініне сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.

Мерейтой аясында ауыл тарихын кезең-кезеңімен қамтыған тарихи шеру, мазмұнды концерттік бағдарлама, сондай-ақ ауыл мен ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.

Той ауқымы республикалық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми конференциямен, ұлттық спорт түрлерінен жарыстармен (бәйге, қазақ күресі), және ауылдан шыққан өнер тарландарының гала-концертімен жалғасады.