Абай облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті

Абай облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті

Мақаншы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, қиын жағдайға тап болған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға ауа райының қолайсыздығынан орын алған. :Тайғақ жол салдарынан Беларусьтан Қытайға бағыт алған жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, жол шетіне соғылған. 
Оқиға орнына Мақаншы ауданының учаскелік инспекторы Қайсар Кабиров жеткен. Жүк көлігін эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта, полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, басқа апаттардың алдын алу үшін көлік қозғалысын реттеді. Үйлесімді іс-қимылдың арқасында мәселе тез шешіліп, жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық туындаған жоқ.

Беларусьтік жүргізуші полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері мен кәсіби іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді.


#Абай облысы, #Полиция, #жол