Абай облысында жол апаттарының саны екі есеге артты

Абай облысында жол апаттарының саны екі есеге артты

Абай облысында биыл жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге артқан. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап, abaidan.kz хабарлайды. Жыл басынан бері өңір бойынша 544 жол апаты тіркелген. Өткен жылғы көрсеткіш – 279. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан жарақат алғандар саны да екі есеге артып отыр. Биыл 344 адам, былтыр 681 адам зардап шеккен.

«Десе де жол апаттарынан қаза болғандар саны 3 адамға (2023 жылы – 71, 2024 жылы – 68) азайды. Есепті кезеңде мотоциклдердің қатысуымен 6 жол апаты болып, 3 адам көз жұмған. Өткен жылы 5 апат тіркеліп, 1 адам мерт болған», - делінген ақпаратта.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау үшін полицейлер көлік және мотоцикл жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Халықты жылдамдық режимін сақтауға, қауіпті маневрлерден аулақ болуға шақырамыз. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мотоцикл жүргізушілеріне қорғаныс шлемін кию қажеттігін ескертеміз», - делінген хабарламада.


#Абай облысы, #Полиция, #жол