Абай облысының полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды
Семей қаласының жедел басқару орталығына сағат 17.57-де 28 жастағы жергілікті тұрғыннан 15 минут бұрын LADA 2115 маркалы көлігі ұрланғаны туралы өтініш түскен,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрланған автокөлікті қуып жетті. Жолды қызметтік машиналармен жауып тастаған бірінші экипаждың полицейі жолда көлікті тоқтатуға асықты. Аталған қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталды. Ол тұтану қосқышында қалған кілттерді пайдаланып, көлікті айдап әкеткен. Қазіргі уақытта ұрланған көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
#Семей, #Абай облысы, #Полиция