Ақтоғайда бензин цистернасы өртенді

Ақтоғайда бензин цистернасы өртенді

5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлйды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.

Сурет: polisia.kz

Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.

полиция

Сурет: polisia.kz

Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


#өрт, #Оқыс оқиға, #Абай облысы