Семейдің кіреберісіндегі сәулет кешені сынға ұшырады

Семейдің кіреберісіндегі сәулет кешені сынға ұшырады

 Семей қаласындағы жаңа кіреберіс кешені қойылмай жатып сынға ұшырады, - деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі..

Семей белсенділерімен тұрғындардың айтуынша сәулет туындысынде кеткен кемшілік көп. Жазылуына да, қойылғанына да көңілдері толмайды. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Семей қаласының әкімдігі қалаға кіретін аумаққа кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына байқау жариялаған болатын.

Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас кәсіптердің мамандары, авторлық ұжымдар қатысып, 6 мекемеден 35 жоба ұсынылды. Ал , сараптау комиссиясында Семей қаласы әкімдігі өкілдері, Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы, мәслихат депутаттары, сулетші, суретшілер мен музей қызметкерлері бар.


#Семей, #Абай облысы