Алматыда желтоқсандық қамалды

Алматыда желтоқсандық қамалды

Өткен аптада "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының төрағасы Бейсенбай Сайфолда Алматы қаласында қамауға алынды. Қазірде Алматы қалалық полиция департаментінде қамауда отыр. Желтоқсаншыға ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қамау Заңға сәйкес жүргізілген. 

Алматы мен өңірдегі желтоқсандықтар Полиция Департаментінің алдына жиналып, Бейсенбай Сайфолда туралы қандай да бір ақпарат алудан үмітті.  Олардың жанында желтоқсандықтың екі қызы бар. Олардың бірі қоғамдық қорғаушы құжатын алуға әрекет жасауда. 

Әзірге соттың болған, болмағаны туралы ақпарат жоқ. 


#Алматы, #Желтоқсан көтерілісі