Акцияға қатысушылар ағаштарды әктеп, аумақты қоқыстан тазартты. Тазалық жұмыстарына аудан басшылығы, белгілі спортшылар, жас отбасылар, аудан депутаттары, ауыл тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары мен еріктілер, сондай-ақ «Жасыл ел» жасағы қатысты.

Сенбілікке қатысушы, «Қазақ этномәдени бірлестігінің» мүшесі Салтанат Ысқақова облыстың барлық аудандарына мұндай акциялар ауадай қажет екенін атап өтті.
– Бірлік, жасампаздық, өрлеу – бүгінгі акцияның басты ұраны. Оған аудандағы этномәдени бірлестік мүшелері тікелей атсалысып жатырмыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында осындай ауқымды сенбілікті ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін, – деді Салтанат Ысқақова.







