«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді
«Halyk Инкассация« ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордың өз–өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ–та жарияланған ақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанын хабарлайды. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап мәлімдейді. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «HalykИнкассацияда« жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жария етуден бас тартады.
«Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
#түркітілдесжурналистерқоры, #Халық банкі