Қатардағы жауынгер басына тиген оқ жарақатынан қаза тапты
Штаб бойынша кезекші және кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты өз бекетінде басына тиген оқ жарақатымен тапқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап. 9 қазанда 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Сұлтанов Қайсар Маратұлы әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кіріскен.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізілуде.