Мұхтар Шаханов өмірден өтті
Қазақ руханияты тағы бір асылынан айырылды. Желтоқсанның ызғарлы күндеріндегі ақиқаттың отын өшірмей, оның шындығын әлемге паш еткен, ұлт намысының жалауын жықпаған біртуар тұлға — Мұхтар Шаханов өмірден өтті.
Ол – тек ақын ғана емес, елдік пен ерліктің үнін жеткізген қайраткер, әділеттің сөзін сөйлеген күрескер еді. Желтоқсан көтерілісінің шындығын бұрмалатпай, тарихи әділеттің орнауына өлшеусіз үлес қосты. Оның қаламынан туған әрбір жыр, әрбір ой – ұлттың жүрегінен шыққан үнмен үндесіп жататын.
Бүгін біз тек тұлғаны емес, тұтас бір дәуірдің ар-намысын арқалаған азаматты жоқтап отырмыз. Оның сөзі де, ісі де халық жадында мәңгі сақталмақ.
Жаны жәннатта болсын. Артында қалған рухани мұрасы – халқына мәңгілік аманат.
#Желтоқсан көтерілісі, #ақын, #Мұхтар Шаханов