Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Оған қала, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік жеңілдіктер, мүгедектігі бар жандарға көрсетілетін қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығын қолдау, сондай-ақ жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобалар бойынша өтініштерін білдірді.



Мәселен, Семей қаласының тұрғыны Ольга Петровская ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселесін жеткізсе, Астана қаласынан келген С.Жексембаев ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға қатысты ұсыныстарын айтты. «Асыл» қоғамдық бірлестігінің атынан Н.Игембаева әлеуметтік қызметкерлердің жалақы төлемін, Эльмира Жүрсінбекқызы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандарға көрсетілетін жеңілдік мәселесін көтерді.



Аймақ басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
#Абай облысының әкімі, #Берік Уәли