Семейде ұландықтар самбодан сайысқа түсті

Семейде ұландықтар самбодан сайысқа түсті

Ұлттық ұланның  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығына  қарасты жеті әскери  бөлім  самбо және жауынгерлік самбодан мықтыны анықтады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сітеме жасап.  Семей қаласында өткен сайыста он бір салмақ дәрежесінде бақ сынаған  балуандар  боз кілемде аянып қалмады.

        - Жауынгерлік самбо спортын  насихаттау шараның басты мақсаты. Өйткені,спорттың бұл түрі жауынгердің төзімділігін арттырып, шапшаңдығы мен ептілігін үдете түседі. Сондай-ақ тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын жекпе-жек өнерінің  ұландықтар үшін маңызы зор. Сондықтан сайысқа әрбір әскери бөлімнің қатысушысы қызу дайындықпен келген, - дейді  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының   дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы майор Нұрсұлтан Мырзабеков.  

Сексенге жуық ойыншы он бір салмақ дәрежесінде сынға түсті. 

Үш  күнге созылған жарыс қорытындысы  бойынша  жалпыкомандалық  есепте 5511 әскери бөлімі жеңіске жетті. Екінші орынды Өскемен қаласынан келген  5518  әскери бөлімі қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Курчатов қаласында орналасқан 3514 әскери бөлімінің құрамасы місе тұтты.Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, дипломдар, медальмен және естелік сыйлықтармен мараппаталды. Сайыста үздік өнер көрсетіп, жеңіске жеткен спортшылар  сәуір айында Орал қаласында өтетін Ұлттық ұлан жауынгерлері арасындағы дүбірлі додада   бақ сынайды.


#Семей, #Спорт, #Ұлттық Ұлан, #сарбаз, #күрес