Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Оқыс оқиғалар 35 қаралымabaidan.kz

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері белгілі болды

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері белгілі болды

Қорғаныс министрлігі 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады.

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері:

  1. Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
  2. м/қ матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
  3. м/қ матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
  4. м/қ матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
  5. м/қ матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
  6. м/қ матрос Жеңіс Тлеуұлы Темірғалиев;
  7. м/қ матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
  8. м/қ матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
  9. м/қ матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
  10. м/қ матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
  11. м/қ матрос Ақжайық Болатбекұлы Гилаж;
  12. м/қ матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев.

а Фото: Қорғаныс министрлігі

— Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кейінірек әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын жаздық.

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Әскерилердің қазасынан кейін Ақтауда үш күнге жоспарланған мерекелік шаралар өтпейтін болды.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болады.



https://kaz.inform.kz/news/aktauda-kaza-tapkan-askeri-kizmetshlerdn-ati-zhonder-belgl-boldi-53f64b2c