Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хабарды 2023 жылғы 18 шілде күні әншінің қорғаушысы Елнұр Кішкенебаева TikTok парақшасында жариялады. Ол жанкүйерлердің әншінің қайда екенін, қашан шығатынын сұрап жазған сұрақтарын қоса жариялады.

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын", – деп жазды қорғаушы.

2023 жылы 14 маусымда түс ауа полиция Төреғали Төреәліні ұстады. Ол полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып, полицейлерден қашпақ болған. Одан кейін 20 күн түрмеге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
 

 

 

 


#әнші