Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Аягөз ауданында бірден екі бағытта іздестіру жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Абай облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz  тілшісі. Оқиға орнында Абай облысының ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген. 23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде, ол Аягөз өзенінен өтпекші болған кезде, аттан құлап, суға кеткен деп болжануда. Ер адам ат үстінде өзі жұмыс атқаратын "Шығыс" шаруа қожалығына бармақшы болғаны анықталды.

Сонымен қатар, 26 наурыздан бастап 1957 және 1985 жылы туған тағы екі азаматты іздестіру жүргізілуде. Олар "МТЗ 82" маркалы тракторда Борлы өзенінен өту кезінде суда жоғалып кеткен. "Шалқар" қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан. Жолда ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпекші болған, Алайда олар өзеннің ортасында тұрып қалды. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, полиция департаменті, ЖАО, ӘБ күштері мен құралдары барлығы 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар есебінен азаматтар жұмылдырылды. Аягөз ауданына адамдарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ТЖД психологтары да оқиға орнына жіберілді.

Сүңгуірлердің көмегімен іздеу жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына байланысты су астынының көрінуінің нашарлығымен және өзендердің ағу жылдамдығымен қиындады.

2024 жылғы 27.03. сағат 04:00-ден бастап іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жандандырылды, жұмыстар 26 наурызда қараңғы түсуіне байланысты тоқтатылған болатын.


#Абай облысы, #Аягөз, #ағын су