Полиция қызметкерлері

Полиция қызметкерлері "Ақшын" СҮ маңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда

Абай облысы ПД полиция қызметкерлері түн ортасынан бастап "Ақшын" СҮ маңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме  жасап. 

Ғимараттың өртенуі туралы өтініш түскен кезде полицейлер түнгі сағат 3-тен бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралармен адам өліміне жол берілмеді. Көтерілген өрт есептеулері бір мезгілде өрт ошағын жоюды жүзеге асыруда.  Өрттің себебі және алдын-ала өрттің алаңы әлі анықталған жоқ.

Сондай-ақ, Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды Қазіргі уақытта қалалық мәдениет үйінің ғимаратында 15 тергеуші Ақшын СҮ өрттен зардап шеккендердің жазбаша өтініштерін қабылдауда.

Абай облысы Полиция Департаменті бастығы Бектөре Сұлтан оқиға орнында болып, құқықтық тәртіп сақшыларының жұмысын үйлестіруде.

Қазіргі уақытта сауда орталығындағы өртті жою орнында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлары әзірленуде.


#Семей, #өрт, #Ақшың корпорациясы